АСТАНАЛЫҚ «ЖАСТАР» САРАЙЫ ӨЗІНІҢ 42-ШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАУСЫМЫН АШТЫ

Астаналық «Жастар» Сарайы шығармашылық маусымын орасан зор концертпен ашты. Сарайдың жазғы сахнасында астаналық мекеменің студиялары мен ұжымдарының жас дарындары өнер көрсетті. Әншілер, бишілер және актерлер өздерінің үздік өнерлерін көрсетті, ал ұжымдардың жетекшілері жаңа маусымда өтетін сабақтарға қатысуға ниет білдіруші барлық жастарды шақырды.

«Жастар» Сарайының директоры Сергей Солодовников шығармашылық маусымды ресми түрде бастап берді:

«Біздің сарай мейірбан достар мен жақсы адамдар үшін әрдайым ашық. Біз мұнда балалармен түрлі бағыттағы билерді билеумен қуана-қуана айналысамыз, ән айтуға, суреттер салуға үйренеміз, театр өнерінің бастамасын ұғынамыз, және де достарымыз үшін тамаша мерекелер өткізуге тырысамыз. Өткен шығармашылық маусым өте әсерлі, жан-жақты болды. Біздің балалар түрлі республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан. Мен алдағы маусымның әсерлілігі, жан-жақтылығы аз-кем болмайтындығына сенімдімін. Біз бұдан да көбірек боламыз. Біз жаңа достарды күтеміз. Бізге келіңіздер. Жаңа іс-шаралар жайында сіздер жарқағаздардан, біздің zhastarastana.kz сайтымыздан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан біле аласыздар. Біз сіздерге өзіміздің шығармашылығымызды қуана-қуана сыйға тартатын боламыз. Сонымен, жаңа шығармашылық маусымды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Сәт сапар!».

Көптеген жылдардан бері «Жастар» Сарайы өзінің шығармашылық ұжымдарымен және студияларымен мерейі үстем болып келеді. Мәселен, олардың бірі Сарайдан біршама үлкен. «Ровесник» эстрадалық биінің халық ансамблі биылғы жылы өзінің 73 жылдық туған күнін атап өтуде. 73 жылдық қызметінде ұжым бір ғана тәрбиеленушілер легін жіберіп қана қойған жоқ, бірнеше рет қалалық, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары атанды. Дегенмен, «Ровесниктің» қазіргі таңдағы буыны да алдындағысынан кем түспейді. Тек өткен жылдың өзінде бишілер «Экзерсис» және «Арман жетегінде» халықаралық байқауларының төрт бас марапатын қанжығасына байлап келді.

Сондай-ақ Сарайда тағы да төрт кәсіби хореграфиялық ұжым жұмыс істеуде: «Воскресенье» би-спорт клубы, «Ast City Ballet» contemporary ballet мектебі, «Радуга» заманауи және эстрадалық би студиясы және «Время» би театры. Бишілер — республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.

Сарай қабырғасында өзінің үшінші маусымын «М-арт» театр студиясы да ашуда. Жұмыс істеген қысқа ғана мерзім ішінде театрдың жас актерлері халықаралық жұртшылыққа өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар дарындылар Мәскеуде өткен «АРТ-Лицей» бүкіл ресейлік фестивалінің бас жүлдесінің лайықты иегерлері атанды. Дарындылар Сарай мен қаламыздың спектакль қойылымдарына, шоу бағдарламаларға және шығармашылық іс-шараларға жиі қатысып отырады.

Сарайға келушілердің музыкалық тәрбиесімен айналысуды «Jas’Art» вокалдық студиясы өз жауапкершілігіне алды. Жасарттықтар соңғы жылдары тек Сарайдың ғана емес, сондай-ақ астанамыздың да мәдени өміріне белсене араласуда, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен

фестивальдарда өздерінің шығармашылықтарын құрметке лайық дәрежеде көрсетуде, сондай-ақ театрландырылған қойылымдарға қатысады.

Бейнелеу өнері студиясы сарай ұжымының ерекше мақтанышын тудырады. Мұнда жас суретшілер де, сонымен қатар ересек адамдар да сурет салады. Сурет салу өнерінің әуесқойлары жеке сабақтар алуға да мүмкіндіктері бар, сондай-ақ Сарайдың шығармашылық іс-шаралары мен байқауларына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Биылғы жылы жастар сарайы «Арман» тәлімгерлік шеберлік мектебін өз қатарына алды. Тату, дарынды және жас тәлімгерлер командасының арқасында Сарайдың балаларға арналған 23 жаңа жылдық таңертеңгілігі өткізілген болатын. Сондай-ақ мектеп қанжығасында армандықтар өткізген іс-шара – жетім балалар мен тұрмыс жағдайлары төмен жанұядан шыққан балаларға арналған «Балаға мейірім сыйла» ауқымды қайырымдылық акциясы тағы бар.