«БАЛБӨБЕК» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2017 жылдың 29 қазанында сағат 10.00-де «Жастар» астаналық сарайында «Балбөбек» ашық қалалық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді. Іс-шара Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен елордамызда он екінші рет өткелі отыр. Осы жылдар аралығында жастар мекемесі сахнасында бірнеше мыңдаған дарынды әншілер мен бишілер өнерлерін көрсеткен болатын.


Әрбір жыл сайын «Балбөбек» фестивалі жаңа достар, көрермендер, сондай-ақ әрине қатысушылар табуда. Заман ағымымен қатар ол бүкіл Қазақстан үшін сүйікті бір оқиғаға айналды. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқандықтан, «Балбөбек» фестивалі жыл сайын өткізілуде және оған қатысуға ниет білдіруші барлық азаматтар ешқандай ақысыз қатысуларына болады (байқау мүше жарналарын талап етпейді).
Биылғы жылы фестивальде қатысушылар төрт номинация бойынша өнер көрсетеді: вокал, хореография, көркем сөз және бейнелеу өнері. 7 жас пен 17 жас аралығындағы қатысуға ниет білдіруші жастардың барлығы да 23 қазанға дейін байқауға қатысуға өтінім бере алады. Мына жерден өтінімді жүктеп алуға және байқау ережесімен танысуға болады.
Жыл сайын «Жастар» Сарайы тек қалалық қатысушыларды ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстандағы жас дарындарды да қабылдайтындығын айта кеткім келеді. Байқауға қатысушыларды білікті әділқазылар алқасы бағалайды. Байқауға қатысушылар 2017 жылғы 29 қазан күні сағат 10.00-де «Жастар» Сарайында өтетін фестивальдің ашылу салтанатында әділқазылар алқасымен танысатын болады.
Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды 2017 жылдың 31 қазанында «Жастар» Сарайында өтетін марапаттау рәсімінде жариялайтын болады.

Анықтама тел.: +77172 326781, +77778827572