Пресс-релиз «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі

 

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

______________________________________________

Пресс-релиз

       Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Астана қаласы әкімінің Республика күніне арналған «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің концертіне шақырамыз. Концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың вокалдық, эстрадалық, джаз және аспаптық туындылары орындалады. Соның ішінде XX ғасырдың үздік хиттері: Джо Кокер, Тина Тернер, Стиви Уандер және басқалар. Ұжымның ауқымды репертуары дәстүрлі және бірегей өңдеулердегі джаз классикасы, сондай-ақ заманауи композициялардан тұрады.

        Концертке халықаралық және қазақстандық конкурстардың лауреаты Айслу Жак («Голос Казахстана», «X — фактор Казахстан» жобаларының финалисті), республикалық конкурстардың лауреаттары Бақытжан Масалим, Татьяна Ким, Нұрлыбек Закенов және Елена Белякова (бэк-вокал), сондай-ақ «Терра» би театрының әртістері қатысады.

        Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің кавалері, Халықаралық джаз қауымдастығының мүшесі (Лос — Анджелес, Калифорния) — Рустам Әміров. Ұжымдағы әрбір музыкант-тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар біздің елден тыс жерлерде де танымал өз ісінің маманы.

        Концерт 2022 жылдың 19 қазанында сағат 19.00-де «Жастар» Сарайының сахнасында, Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді. Билеттерді Тикетон интернет-порталы арқылы немесе «Жастар» Сарайының кассасынан сатып алуға болады.

            Байланысушы тұлға: Байгазинова Анар – «Жастар» Сарайы» МКҚК баспасөз хатшысы          Байланыс телефоны: +7 747 888 26 81