20 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсан аралығында сағат 10:00, 13:00, 15:30-да «Жастар» Сарайында балаларға арналған жаңа жылдық таңертеңгіліктер өтеді. Экшн, триллер, сиқыр элементтері бар фэнтези және иллюзия жанрларындағы көңілді мюзиклды балалар мен ата-аналарға арнап «Жастар» Сарайының шығармашылық ұжымдары көрсетеді.

Театрландырылған қойылым көзбен шолу түйсігін күшейту үшін голографиялық әсер алатындай мультимедиялық декорацияда жасалған. Ертегі кейіпкерлері, көздің жауын аларлықтай, есте қаларлықтай образдар мен костюмдер, қызықты сюжет көрерменді таңғажайып оқиғалар әлеміне баурап алары сөзсіз.

Жаңа жылдық түні күңгірт-қара аспанда тарих айналымымен ғаламат шаңырақ айналуда. Жаңа жыл басталардағы тамаша көрініске дейінгі қас қағым сәтті есептеп тұратын бұл бір жаңа жылдық сағат секілді! Әлемдік жер жүзілік көк аспан күмбезінде шанырақтың айналуы жұлдыздардың жарқырауына алып келеді. Сонымен, бұл жарық жұлдыз тозаңы ертегілер еліне қар ұшқындарымен түскейді. Мұнда жаңа жыл қарсаңындағы түнде Әлемдердің әміршілері: Дию, Перілер мен Сиқыршыларды кездестіруге болады. Әлемдердің әміршілері мен жас көрермендер ежелден келе жатқан мәселелерді шешеді: қайырымдылық пен зұлымдық, қорқақтық пен батылдық, сатқындық пен достық, сүйіспеншілік, қуаныш пен бақыт жайлы мәселелер!
Кейіпкерлер Сиқырлы елдің тылсым лабиринттері мен сиқырлы квест арқылы, оғаш көрінетін, билейтін ормандары мен аптапты бұлыңғыр даласы, айналмалы және еріп кететін таулары арқылы өтеді. Достарымен кездесіп, дұшпандарына тойтарыс береді!
Көрермен барлық көрініс бойына оқиғаның өрістеу үрдісінің қарқынды шиеленісу жағдайында болады. Кейіпкерлермен бірге сәтсіздікке күйзеліп, зұлым күшті жеңгенде қуанатын болады.
«Жастар» Сарайында өтетін жаңа жылдық таңертеңгіліктер ата-аналар мен балаларға ертегі, жаңа жылдық ғажайыптар мен мереке ахуалын тудыратын болады.