6 қараша күні сағат 19:00-де «Жастар» Сарайында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің орындауында «Бетховен +…» атты концерттік бағдарлама өтеді.

Оркестр өзінің қызметін 2000-шы жылы Александр Аблаевтың жетекшілігімен бастап, өзінің борышы – тыңдармандарға қазақтың ұлттық мұрасымен таныстырып, отандық аудиторияны әлемдік мәдениетке баулуды жақсы жетістіктермен орындап келеді.
Осы құрамдағы оркестр түрлі жанрдағы музыкаларды орындайтын бесаспап шығармашылық ұжым болып табылады: халық әндерін, классикалық туындыларды және джаз композицияларын өңдеу жұмыстарымен айналысады.
Жиырма жыл бойғы кәсіби қызмет барысында «Астана» эстрадалық – симфониялық оркестрі көрерменнің сүйіспеншілігі мен зор ілтипатына ие болды. Бірнеше рет республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Қазақстан мен жақын шет елдердегі қалаларға гастрольдерге барып қайтты. Оркестрдің көркемдік жетекшісі — Серик Давлетов.

Жоба авторы: профессор Ә.І.Нүсіпбаев. Әнуар Ізбасарұлы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында профессора М.Б. Питкустан скрипка сыныбы бойынша білім алды, бертін келе оның бойында симфониялық дирижерлікке деген талпыныс пайда болады. Әнуар Ізбасарұлы өз ісінің үздік шеберлерінен: ССРО Халық әртісі Арнольд Михайлович Кацтан тәлім алды, Л. Тимофеев, Н. Трулль, А. Наседкин, А. Севидов, М. Федотов, К. Родин, А. Рудин сынды көркекті музыканттармен жұмыс істеді. Он бес жыл бойына Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ ұлттық Музыка Академиясында ұлттық симфониялық дирижерліктің мызғымас іргетасын қалады. Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бас дирижеры болды және Алматы қаласының Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының дирижеры қызметін атқарған. Әнуар Ізбасарұлы үшін дирижёр — бұл жай ғана кәсіп емес, көпшіліктің ықыласына бөлену. Ол үшін оркестрді біртұтас әлемге айналдыра білетін жоғары білімді музыкант болу қажет, сазды ұғыну қабілеті керемет, ұйымдастырушылық қабілеттері, ішкі жан толғанысы мен айрықша куш-қуаты болуы керек.
Алғаш реет Қазақстанда «Жастар» Сарайы сахнасынан «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің орындауында Л.Бетховен Симфония № 7, А.Шнитке Сюитаның көне үлгідегі ұлы классикалық туындыларын тамашалауға болады. Сондай-ақ Әйгерім Сеилованың (Германия) өңдеуіндегі қазақ шығармашылығының жауһарларын көрермендер назарына ұсынады.

6 қараша күні елордамыздың барша тұрғындары мен қонақтарында «Жастар» Сарайында өтетін, эстрадалық-симфониялық оркестрдің жанды орындаудағы шығармашылық кешінен ләззат алуларына тамаша мүмкіндік бар. Айрықша рахатқа бөленіп, алған естен кетпес әсер концерттен кейін көрермендердің жүрегінде және жадында мәңгі қалары сөзсіз!