2019 жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар» Сарайы» МКҚК-да Сарай ұжымы арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауын түсіндіру жөнінде диалогты кездесу болып өтті.


Іс-шараны «Жастар» Сарайы» МКҚК директоры Солодовников Сергей Петрович ашып, ҚР Президентінің Жолдауының негізгі тармақтарын түсіндіріп берді.
Онда төмендегідей тармақтар тыңдалып, талқыға салынды:

1. Заманауи тиімді мемлекет.
2. Азаматтардың құықтарын қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігі
3. Дамыған және инклюзивті экономика.
4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі.
5. Қуатты өңір – қуатты Қазақстан.

«Жастар» Сарайының барлық қызметкерлері аталмыш Жолдаудың барлық тармақтарымен келісті. Қатысушылар Предидентімізді қолдап, Қазақстан азаматтарының, жалпы алғанда еліміздің тұрмыс деңгейінің жақсаруына үміт арта отырып, оған қолдау білдіреді.
Диалогты кездесуді Сергей Петрович Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың айтқан, төменде келтірілген сөздерімен аяқтады:

Мен еліміздің тағдырына алаңдап, жаны ашитын әрбір азаматқа үлкен үміт артамын.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!
Мен әрбіріңізді Отанымыздың өркендеуіне, гүлденуіне жеке өз үлесіңізді қосуға үндеймін !
Сындарлы қоғамдық диалог – келісім мен тұрақтылық негізі.
Елбасымыздың айтқан «Халық бірлігі – біздің нағыз құнды игілігіміз» деген қанатты сөздері біздің мызғымас қағидамыз болып қалады.
Келісім мен біртұтастық, кемеңгерлік пен өзара түсіністік біздің алға жылжуымызға септігін тигізеді.
Біздің мақсатымыз айқын, біздің жолымыз ашық.
Біз жаңа жетістіктерге бірге қол жеткіземіз деген сенімдеміз!
Баршаңызға бақыт пен табыс тілеймін!