8 қыркүйек күні сағат 13.00-де «Жастар» Сарайының жазғы сахнасында дәстүр бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ашық есік күні» өтеді.

Бірнеше жылдар бойына педагогтар мен тәлімгерлер жас дарын иелерінің дарындылығы мен мүмкіндіктерін ашып келеді. Жетекшілердің жеке әдіс-тәсілдері мен кәсібилілігі әрбір талант иесіне өзін көрсете білуге мүмкіндік береді. Барлық ұжым халықаралық фестивальдардың лауреаттары атанған және олар Сарай мен елордамызда өтіп отыратын байқауларға, қойылымдарға, концерттік бағдарламаларға және іс-шараларға үнемі қатысып отырады.

Жаңа маусымды «Жастар» Сарайы концерттік-ойын-сауық бағдарламасымен ашады, онда сіз жас дарындылардың өнері мен шығармашылығына тәнті болып, тамсанатын боласыз.

Бағдарламада:

— «Ровесник» эстрадалық биінің халықтық ансамблі (Жетекшісі Татьяна Скнарина)

— «Воскресенье» би-спорт клубы (Жетекшісі Людмила Савченко)

— «AstCityBallet» заманауи балет мектебі (Жетекшісі Адыл Эркинбаев)

— «Радуга» заманауи және эстрадалық би студиясы (Жетекшісі Наталья Маслиенко)

— «Время» би театры (Жетекшісі Елена Маслиенко)

— «М – Арт» театр студиясы (Жетекшісі Светлана Грабовская)

— «Jas — Art» эстрадалық вокал театры (Жетекшісі Гульмира Сеитова)

— Бейнелеу өнерінің шеберхана-студиясы (Жетекшісі Татьяна Табашникова)

— Бірегей жанр мектебі (Жетекшісі Дадо)

— «TOGO» спорттық-би студиясы (Жетекшісі Юлия Терлецкая)

— «SoundGold» заманауи вокал студиясы (Жетекшісі Елена Белякова)

— Ойын бағдарламасы

«Жастар» Сарайының шығармашылық ұжымдарын дамытудағы мақсат — мәдени құндылықтарды сақтау, рухани нәр және эстетикалық тәрбие беру. Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылдыру, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу және салт-дәстүрлерді сақтау – бұл жетекшілер мен тәлімгерлердің басты міндеттері.

8 қыркүйек күні «Жастар» Сарайының жазғы сахнасында сағат 13.00-де — «Ашық есік күні», Сізде мынадай мүмкіндіктеріңіз бар:

· концерттік-ойын-сауық бағдарламасынан ләззат алуға

· позитивті көңіл-күйге бөленуге

· тәлімгерлермен тілдесуге

· жетекшілерге сауалдарыңызды қоюға

· көңілді аниматорлармен кездесуге

· өзіңіздің шығармашылық ұжымыңызды таңдауға

Дарынды және шығармашыл жас дарын иелері үшін Жастар» Сарайының есіктері үнемі ашық!!! Сіздерді мына мекенжайда күтеміз: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғ, 34.