8 қыркүйек күні сағат 13.00-де «Жастар» Сарайының жазғы сахнасында дәстүр бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ашық есік күні» өтеді.

Бірнеше жылдар бойына педагогтар мен тәлімгерлер жас дарын иелерінің дарындылығы мен мүмкіндіктерін ашып келеді. Жетекшілердің жеке әдіс-тәсілдері мен кәсібилілігі әрбір талант иесіне өзін көрсете білуге мүмкіндік береді. Барлық ұжым халықаралық фестивальдардың лауреаттары атанған және олар Сарай мен елордамызда өтіп отыратын байқауларға, қойылымдарға, концерттік бағдарламаларға және іс-шараларға үнемі қатысып отырады.

Жаңа маусымды «Жастар» Сарайы концерттік-ойын-сауық бағдарламасымен ашады, онда сіз жас дарындылардың өнері мен шығармашылығына тәнті болып, тамсанатын боласыз.
(more…)