Қала әкімінің кубогына караоке бойынша өтетін «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» чемпионатының жеңімпазы

5 және 6 шілде күндері Есіл өзені жағалауындағы Амфитеатрда Қазақстандағы Жастар жылына және қала күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогына караоке бойынша «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» чемпионатының ақтық кезеңдері өтті.

Қаланың мерекелік күндері «Барлық бала ән шырқайды!» сайысының финалы өткізілді. Екі жас санатындағы он қатысушыдан екеуі Гранд-финалға өтті. Вокал бойынша тәлімгер мен жоба хореографның жетекшілігінде конкурсанттар бір ай бойы дайындалды. Балаларға «әлемдік хит»дайындау міндеті жүктелді.Репертуар табу қиынға соққан жоқ, бірақ бойындағы бар талантын көрсете отырып жоғары ұпай алу оңай болмады. Дегенмен білікті әділқазы әрбір үміткерді жеке бағалап,жетістіктері мен кемшіліктерін қаперге алып отырды.

Алғаш рет «Бәрі де ән шырқайды» жобасы аясында «Барлық бала шырқайды!» конкурсының ақтық сайысы өтті. Жас таланттар (8-12 жас) сүйікті кинолары мен мульфильмдерінен ән айтты. Өз даралығы мен кейіпкердің айқын бейнесін ұштастыру оңай шаруа емес. Балаларға дайындық үшін біраз уақыт берілген болатын. Тәлімгерімен, жоба режиссерімен, хореографпен жұмыс істеу қатысушыларға өз қабілетін ашып, сахнада көрінуіне септігін тигізді. Негізгі әрекет пен басты сынақ Гранд-финалдан күтілді. Оған әрбір жас санатынан екі үміткерден жіберілді. Яғни, төрт үміткер болды.

Жартылай финалда барлық қатысушылар отандық авторлардың әндерін шырқады. Үміткерлеріміз композицияны ерекеше ынтамен,толқыныспен таңдап, номер дайындады. Өйткені отандасының шығармасы жетістігінің басты көрсеткіші болып, шабытын шыңдай түсуге тиіс еді. Аталмыш кезеңнен финалға әр санаттан 5 қатысушыдан өтті. (18+, 29+, «Кәсібилер»).

Финалда конкурсанттар тамаша нәтиже көрсетті. Вокалистердің барлығы да өздері күткен деңгейден асып түсті. Қобалжу, сахна қорқынышы деген сезімдер жоқ болды, себебі үміткердің көзіне тек көрермен көрініп, жеңімпаз атанып, Кубокті иелену жолындағы соңғы мүмкіндікті құр жібермеуге ұмтылды. Бірақ 15 үміткердің тек үшеуі ғана Гранд-финалға өтті. Олар: Сейтенова Айжан, Аханов Ерлан, Кульчиков Максат.

Сынақ мұнымен біткен жоқ. Гранд-финалда үш жеңімпаз төрт ұсыныстың ішінен кездейсоқ әдіспен мөрленген конвертті суырып өзіне тақырып таңдады. Оларға дайындалуға бір сағат уақыт берілді.

Рустам Амировтың жетекшілігіндегі «Zhiger» джаз-бэндының өткен жылдардағы жеңімпаздармен қосылып шыққаны мерекенің тосынсыйы болды. Чемпионат тарихында тұңғыш рет Амфитеатр бұрынғы финалистердің барлығын бір сахнаға тоғыстырды.

Табиғи сүйемелдеу аясында вокалистер заманауи эстраданың үздік композицияларын орындады.

«Бәрі де ән шырқайды!» жобасының Чемпионы атағы мен елорда әкімі Кубогын иелену жолындағы тартысты сайыста «Кәсібилер» санатынан Сейтенова Айжан жеңіске жетті.

Жалпы конкурс барысында өзінің табандылығы мен талантының, өз қабілетіне деген сенімінің арқасында Айжан таңқаларлық нәтиже көрсетіп, бірнеше рет өз санатында көш бастады. Барлық сабақтарға, саундтректерге, қоюшы-режиссердың тренингтеріне барып, педагогпен, хореографпен дайындалды. Өз киімі мен чемпионат турларындағы образдарын мұқият таңдай білді.

«Барша бала ән шырқайды» конкурсында 59 мектеп-лицейінің оқушысы Манарбекқызы Ақжібек жеңімпаз атанды. Қазір ол 7сыныпқа өткен үздік оқушы. Тек сабақта ғана емес, шығармашылық шараларда да жоғары нәтижелерге ерісіп жүр.

Чемпионаттың үздік тәлімгері — Айслу Жак. «Zhiger» джаз-бэндінің әншісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Оның тобы үздік нәтижеге ерісіп, балалар мен ересек қатысушылардың арасында жоғарғы марапатты жеңіп алды.

Жобаның жетекшісі, авторы мен режиссері,әділқазылар мен конкурс финалистері қосылып айтқан «Через годы, через расстояния» әні караоке бойынша өткен мерейлі Чемпионаттың шырқау шегі болды.

Көрермендер қол соққан қошемет, отшашулар мен шаттықтың аясында Амфитеатр сахнасына мерекелік үлкен торт шығарылды. Елорданың 21-ші мерекелік күні мен «Бәрі де ән шырқайды!» атты караоке бойынша өткен 5 Чемпионат жоба кезінде Есілдің жағалауына 5000 дай қала тұрғындары мен қонақтарды жинап, оларға келесі жылға дейін жететін естен кетпес әсер қалдыра алды.