Караоке бойынша өтетін «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» чемпионатының финалы

5 және 6шілде күндері Есіл өзені жағалауындағы Амфитеатрда Қазақстандағы Жастар жылына және қала күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогына караоке бойынша өтетін «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» чемпионатының ақтық кезеңдері өтеді.

5 шілдеде:

Алғаш рет «Бәрі де ән шырқайды» жобасы аясында «Барлық бала шырқайды!» конкурсының ақтық сайысы өтеді.Жас таланттар(8-12 жас) сүйікті кинолары мен мульфильмдерінен ән айтады. Өз даралығы мен кейіпкердің айқын бейнесін ұштастыру оңай шаруа емес. Балаларға дайындық үшін біраз уақыт берілген болатын. Тәлімгерімен, жоба режиссерімен, хореографпен жұмыс істеу қатысушыларға өз қабілетін ашып, сахнада көрінуіне септігін тигізді. Негізгі әрекет пен басты сынақ Гранд-финалда күтілуде.Оған әрбір жас санатынан екі үміткерден жіберіледі. Яғни, төрт үміткер болады.

Ересектердің 13:00 де басталатын және екі бөлімге бөлінетін келесі турына ерекше назар аударылуда.Үміткерлер дуэт болып ән айтып берулері керек. Конкурстың екінші бөліміне «Айнытпай салу» тақырыбы шығады. Қатысушылар көз қуантатын номерлер дайындап, онда танымал әртісті айнытпай салып, әртістік қабілетін көрсететін болады. Ақтық сайысқа әрбір жас санатынан 10 қатысушыдан жіберіледі. («18+»; «Кәсібилер»; «29+»).

6 шілдеде:

Мереке «Бәрі де ән шырқайдының» финалымен қуантып бастайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар сол күні болатын және бесінші мерейлі Чемпионат пен Елорда күні мерекесінің шырқау шегі болып табылатын Гранд-финалға іліну үшін сайысады.

Бұрынғы жеңімпаздардың қатысуымен өтетін Рустам Амировтың жетекшілігіндегі «Zhiger» джаз-бэндының концерті кештің көз қуанышы болмақ.

Чемпионат тарихында алғаш рет Амфитеатр сахнасы бұрынғы және биылғы финалистерді тоғыстырмақшы. Вокалистер заманауи эстраданың үздік композицияларын табиғи дауыспен орындайды.

«Бәрі де ән шырқайдының» гранд-финалында әрбір жас санатынан үш үміткердің жұлдызы жанбақшы.Ұсынылған төрт жанрдың ішінен қатысушылар кездейсоқ әдіспен өзіне ән таңдап, сахна сыртында санаулы минуттар ішінде дайындалады. Әндер айтылып болғаннан кейін әділ қазылар алқасы өзара кеңесіп, Чемпион мен Елорда әкімінің Кубогы иегерінің атын атайды.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын 5-6 шілде күндері Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда күтеміз.

Қатысушыларға табыс тілейміз, ал көрермендер мен жанкүйерлер ұмытылмас әсерге бөленсін демекшіміз.