Жаздың алғашқы күндері «Бәрі де ән шырқайды!»

1 және 2 маусым күндері Есіл өзені жағалауындағы Амфитеатрда Қазақстандағы Жастар жылына орай елорда әкімінің кубогына караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» Чемпионатының 1-ші туры өтетін болады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байқаудың кішкентай қатысушылары үшін 1-ші тур өтеді. Бастапқы кезеңінде қатысушыларға мультфильмдердегі саундтректерден бастап әлемдік деңгейдегі композицияларға дейін әндерді шет ел тілінде орындауға орасан зор мүмкіндік ұсынылды. Байқауға қатысушылар тәлімгерлермен бірге бірегей, қызықты өнер көрсетілімдерін дайындауда, балалар онда тек өздерінің әншілік қабілеттерін ғана ашып қоймай, сонымен қатар әртістік қабілеттерін де ашары сөзсіз.
Жаздың екінші күнінде Амфитеатр сахнасында ересек қатысушылар өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар 1-ші кезеңде байқауға қатысушыларды шектемеуге шешім қабылдаған. Мүмкіндіктері мен дауыс қабілеттерін ашу үшін қатысушылар әнді таңдау еркі бойынша орындайды. Өзінің дарындылығын көрсетіп, білікті әділқазылар алқасын таңғалдыру – келесі турға өту үшін жүктелген басты міндет.
Бәсекелік күрес байқауға қатысушыларға ортақ әнді орындау үшін бірігуге кедергі келтірмейді. Сол іспеттес өнер көрсетілімдері ұжымда командалық рух пен ынтымақты көңіл-күйге бөлейді.
Көрермендердің жүздеріндегі зор қошемет пен шынайы езу – жұмысты бағалау үшін берілген тамаша көрсеткіш. Жайма шуақ шұғылалы күндерде «Бәрі де ән шырқайды!» жобасының қатысушылары елорда тұрғындары мен қонақтарына жуық арада телегей теңіздей зор күш-қуат пен бақыт сезімін тарту етеді.
Бес жыл ішінде жоба беделге ие болып, халықтық сипатқа ие болды. Әрбір жыл сайын байқауға қатысушылар көрермендерді өздерінің біртумалығымен, дарындылығымен және шығармашылық әдістемелерімен қуантып, таңғалдыруда. Мерейтойлық маусымда баршаңызды бұрынғыдан ауқымды жанға жағымды тосынсыйлар күтеді!