18 сәуір күні сағат 19:00-де «Жастар» Сарайында Қазақстандағы Жастар жылына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Zhiger» JazzBand орындауында «Мәңгілік махаббат» атты концерт өтеді.

2011 жылдан бастап 15 сәуір күні Қазақстанда «Ұлттық ғашықтар күнін» атап өтуде. XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосы поэмасының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың әдемі де қайғылы махаббатының тарихы осы мереке негізінде жатыр.
«Мәңгілік махаббат» атты концерттік бағдарлама Қазақстандағы ұлттық мереке – Ғашықтар күніне арналады. JazzBand мерекелік кеште лирикалық және әсерлі әуендерді залдағы барша сүйікті және өнер сүйер тыңдармандарға арнап орындайды.

Рустам Амировтың басқаруымен «Zhiger» өзінің музыкалық қызметін 2005 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Ұжым Jazz, Funk, Roсk`n`roll, Blues стиліндегі композицияларды және өзге де заманауи бағыттардағы композицияларды орындайды. Республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты.
Сарай сахнасында әйгілі джаз шығармалары, әлемдік хиттер мен авторлық музыка орындалады. Көрермен жайма шуақ ахуалға еніп, орындау сарыны жанды форматтағы әуендерден ләззат алады. «Мәңгілік махаббат» концерттік бағдарламасы нәзік сезім жайлы, көктем, жер бетіндегі барша жанды тіршілік иесінің оянуы, жандануы жайында баяндап береді.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын қолдай отырып, «Жастар» Сарайы өскелең ұрпақты өзге елдердің өнерімен таныстырады, сонымен қатар ұлттық жеке құндылықтарды сақтай отырып, көрермендердің рухани нәр алуына септігін тигізеді.