Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы жайында пікір

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы жайында пікір

Бүгінгі таңда біз саяси және экономикалық ахуалдың әлемдік аренада қандай қарқындылықпен өзгеріп келе жатқандығын көріп отырмыз. Елбасымыз Н.А. Назарбаев өз сөзінде атап өткендей: «әлемде қаржылық жүйенің мүлдем жаңа сәулеті бой көтереді; жаңа технологиялар, роботтандыру және автоматтандыру адами капиталдың еңбек ресурстары мен сапасына қойылатын талаптарды күрделендіре түседі».

Мүнша қарқындылықпен дамып келе жатқан әлемде заман ағымына ілесе өмір сүру үшін, көздің қарашығындай сақтап, еселей түсу үшін біз – Қазақстан халқы жаңа міндеттерді шешуге дайын болуымыз керек. Тұрмыс деңгейін одан әрі дамыту үшін біз сол қарқындылықпен артылған міндет бағыты бойынша сенімді түрде, әрі нық қадам басуымыз қажет және мемлекетіміздің тұрақты дамуын жалғастыруымыз керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауымен таныса отырып, біз бүкіл еліміздің дамуында басты басымдық ретінде оның ең басты байлығы – адам болып табылатындығын нақты түсінеміз. Ал дәлірек айтқанда, оның лайықты түрде білім алуы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, еңбек ақы төлемі мен шарттары, тұрмыс жағдайы.

Елбасы таңдаған бағам халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға септігін тигізетін барлық қажетті салаларды қамтиды.

1.Жолдаудан кейін жүйеге келтірілген негізгі өзгерістердің бірі – бұл әрине 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемінің 28 мыңнан 42 мың теңгеге өсуі, сондай-ақ ең төменгі еңбекақы көлемінің бұдан былай күнкөріс деңгейімен байланыспайтындығында. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың миллионнан астам қызметкерінің және бюджет ұйымдарының 250-300 мың шамасындағы қызметкерінің еңбекақыны қаңтар айынан бастап 35%-дан асатын мөлшерде ала бастауы осының барлығының нәтижесі болды. Еңбекақының артуы ең төменгі жалақыны алатын отандастарымыздың әл-ахуалының айтарлықтай жақсаруына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ мұғалімдерге, медицина саласының мамандарына, полиция қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге еңбекақы көлемін арттыру негізгі және маңызы зор нәтижелердің бірі болды. Дәл осы кәсіптерде адами капиталдың сапасы мен оның негізгі құндылығы – қауіпсіздік күлтілдеп жатқан жоқ па.

2.Білім беру мәселелері. Бұл аспектіде мектептердің жіті жеткіліксіздігі және оларды салу, барлық мектептерді бейнекамералармен жабдықтау, қауіпсіздікті күшейту және психологиялық ахуалды жақсарту қажет өңірлерді зерделеуге баса назар аударылды.

Жоғары білім сапасын арттыру курстары мен түлектердің жұмысқа орналасуына лайықты назар аудару біршама маңызға ие. «Жастар жылы» деп

аталып отырған ағымдағы жылы біздің басты міндетіміз – жас ұрпақтарымыз үшін лайықты жағдай жасау және мүмкіндіктер жасау емес пе, бұл бүкіл келер жылдарымызға ұрпағымыздың дамуы, жұмысқа орналасуы және гүлденуі үшін лайықты трамплин болып табылары сөзсіз.

3.Ішкі істер министрлігінің жұмысы. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының жұмыс сапасы сіз бен біздің ортақ қауіпсіздігіміз, тұрақтылығымыз бен гүлденуіміз үшін стратегиялық тұрғыда маңызы зор болып табылады.

Жолдаудан кейін жалғасын тапқан ІІМ құрылымындағы реформа жіті қажеттілікке айналды. Құқық қорғау органдарының салғырт жұмысы үшін халықтың ду наразылығы туындаған Денис Теннің өлімі, дер кезінде шақырылған патрульдік қызметтің атқарған жұмыстарында жауапкершіліктің жоқтығының салдарынан нәтижесі қызды айуандықпен зорлау және өлтіру фактілері анықталған Қостанай облысындағы Дарья Махартованың өлімі сынды соңғы өткен жылғы оқиғаларға байланысты, арнайы қызмет деректері бойынша «Адыл Кытай» ОПГ ақысыз емес қорғаншылық әрекеттерін жасаған Алматы қаласы Әуезов ауданының ІІБ бұрынғы бастығының ұсталуы полициямыздың беделін қатты шайқалтты. Бұның барлығы ішкі органдар қызметінің жұмысын қайта қарастыру қажеттігін, олардың жұмыс сапасын арттыру, халықтың сеніміне кіру қажеттігін білдіреді. Тек үздіктерінің қалуына мүмкіндік беру үшін кадрларды қайта аттестаттау, ал біліксіз кадрлардың қысқартылуы себепті олардың еңбекақыларының көтерілуі нағыз оң нәтиже берері сөзсіз деп ойлаймын. Бұл ІІМ қызметкерлерінің үздік және сапалы жұмыс істеуі үшін жақсы талпыныс болар еді.

Негізгі ұстанымдармен қатар Жолдауда соттардың жұмысы, 7-20-25 бағдарламасын іске асыру, ипотека бойынша бастапқы жарна бойынша жәрдем беру, медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, экономикалық саясат мәселелері және т.б. сол сынды өзге де маңызды салалар тілге тиек етілді.

Бүгінгі таңда ағымдағы мәселелер Жолдаудың арқасында, осы аталған Жолдаудың арқасында, яғни еліміздегі ағымдағы мәселелер, олардың білікті шешімі анық баяндалған Жолдаудың арқасында біз еліміздің тұрмыс сапасы мен деңгейін арттыру бойынша оңтайлы бағам алдық, бұл оң нәтижесін беруде.

Елбасымыздың мызғымас саясатымен үндесе отырып, үздік нәтижеге ұмтылуы, ынтымақтастығы, еңбекқорлығы халықтың жағдайының жақсарып, еліміздің жуық арада 30 дамыған ел қатарына енетіндігіне мүмкіндік береді деп ойлаймын.

«Жастар «Сарайы»
МКҚК-ның директоры,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері С. Солодовников