15 және 16 наурыз күндері «Жастар» Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Шексіз шығармашылық»

15 және 16 наурыз күндері «Жастар» Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Шексіз шығармашылық» атты Қазақстандағы Жастар жылына орай ашық қалалық шығармашылық фестивалі өтеді.

Байқауға 18 жастағы және одан жоғары жастағы шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысады.

Фестивальға төрт номинация ұсынылған: «Хореография», «Эстрадалық вокал», «Ишара тілінде ән орындау», «Көркем сөз». Олардың әрбірі қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталып, марапатталатын болады.

Әділқазылар алқасын өлеңді мәнеріне жеткізе орындау арқылы таңдандыруға, қоңыр даусымен және ерекше дауыс ырғағымен, әнді жүрекке жеткізе орындауға немесе бірегей билерін билеуге тура келеді. Қазылар алқасының алдында күрделі міндет тұр – байқауға қатысушыларды лайықты бағалау міндеті.

Фестиваль екі кезеңнен тұрады. 15 наурыз күні қатысушыларды тіркеу және байқау, ал 16 наурызда Гала- концерт пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

«Жастар» Сарайының міндеті — заманауи қоғамды тарихи және мәдени құндылықтарға баулу. Елбасымыздың сөзіне сүйене отырып: « … Өңірлік тарихты зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті мәдени нысандарды қалпына келтіру …», Сарай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайтындығын атап өту қажет. Шығармашылық қызметті дамыту, рухани мүмкіндіктерін ашу және патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру – «Шексіз шығармашылық» фестивалінің басты мақсаттары.