11 желтоқсан күні «Жастар» Сарайында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы

11 желтоқсан күні «Жастар» Сарайында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық гвардиясының Ән және би ансамблі мен Сарайдың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен елордамыздың 20 жылдығы аясында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Мәңгілік ел» концерттік бағдарламасы өтеді.
Қазақстанның Тәуелсіздігі күні – еліміздің басты ұлттық мерекесі. Бүкіл республика бойынша халықтың бұқаралық серуені өтетін болады. «Жастар» Сарайы осы игі дәстүрді қолдай отырып, елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына кәсіби әртістер мен көркемөнер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт тарту етеді. Олар патриоттық билер мен әндерді орындау арқылы тамаша көңіл-күй сыйлайды.
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов аталмыш мерекенің қадірлі қонағы болады. Ол көрермендердің алдында құттықтау лебізін білдіреді.
«Қыруар іс Тәуелсіздік жылдарында жасалды», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев. «Біз өте жоғары деңгейдегі біршама университеттерді құрдық…», өйткені білім еліміз үшін болашақта жетістікке жетудің негізін қалайтын факторы. Елбасының дәйексөзін негізге ала отырып: «Жас ұрпақ өміріндегі басымдықтардың ішінде білім бірінші орында тұруы тиіс». Президентіміздің сөздерін қолдай отырып, «Жастар» Сарайы өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік және идеология мен патриоттық сезімдерін тәрбиелей отырып, қазіргі қоғамда басты құндылықтарға үйретеді.