6 желтоқсан күні сағат 19. 30-да «Жастар» Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Музыка кино» атты концерттік бағдарламасы өтеді.

«Музыка кино» бүкіл ұрпақты бір-бірімен байланыстырады. Сахнада бұл кеште кеңес кинофильмдеріндегі сүйікті композициялар орындалады. 60 -70 – 80-ші жылдардағы махаббат пен достық жайлы романтикалық әуендерді, классикаға айналған ретро – хиттерді көрермендер оркестрдің орындауында тыңдай алады.
«Служебный роман», «Семьнадцать мгновений весны», «Иван Васильевич меняет профессию» — өткен жүз жылдықтың үздік туындылары, яғни әлі күнге дейін барша жастағы тыңдармандардың талғамынан шыға білген бірегей туындылар.
М.Таривердиев, А.Зацепин мен өзге де әйгілі композиторлардың танымал туындыларын бірегей оркестрге лайықтап, музыкаға үн қоса отырып орындайтын әртістер: оркестр солисті Жанна Орынбасарова және өзге де әртістер. Оркестрдің көркемдік жетекшісі — Серик Давлетов.
Көзбен шолу әсерін күшейту мақсатында музыкалық композициялар кинодан алынған көріністердің бейнеқатарымен толысып, жандандырып тұратын болады.
Кеш қонақтары бей-жай қалмайды. Өмірдің өткен сәттеріне деген сағыныш бір мезетте жүзіңізге езу мен көзіңізге жас келтіреді. Көрермендердің есіне түсетін естеліктер қыстың суық кешінде жанға дауа, көңілге медет сыйлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «… Салт-дәстүрлеріміз бен жөн-жоралғыларымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз мәңгі бізбен бірге қалуы керек».
«Жастар» Сарайы өткізілетін іс-шаралар арқылы қазіргі жастарды мәдени білім нәрімен сусындата отырып, музыка мен кинематографтың әлемдік классикасымен таныстыра отырып, оларға рухани тұрғыда тәлім-тәрбие беруге ат салысады.
6 желтоқсан күні сағат 19.30-да «Жастар» Сарайы елорда тұрғындары мен қонақтарын «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасына шақырады!