30 қазан күні сағат 10:00-де «Жастар» Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Балбөбек» ашық қалалық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді.

Фестиваль үш күн ішінде бірнеше кезеңде өтеді. Байқау номинациялары: «Хореография», «Эстрадалық вокал», «Көркем сөз» және «Бейнелеу өнері». Фестивальға қатысуға 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас дарынды балалар шақырылады. Өтінімдер 26 қазанға дейін қабылданады.
Байқауға қатысушыларды білікті әділқазылар алқасы бағалайтын болады. Бағалау критерийлері номинацияға байланысты. Шығармашылық мүмкіндіктерімен қатар қатысушылардан ерекше көрсетілім мен есте қаларлықтай кескін-келбет күтуде.
Көптеген жылдар бойына «Балбөбек» елордадағы сүйікті және жұртшылық білетіндей байқауға айналып үлгерді. Бірнеше мыңдаған кішкентай әртістер, бишілер және әншілер «Жастар» Сарайы сахнасында өнер көрсетіп, көрермендердің жүрегін жаулап алған болатын. Жыл өткен сайын қатысуға ниет білдіруші балалар саны еселеп артып келеді. Балалардың бойынан қарсыластық рухы мен жеңіске деген ұмтылысты оята отырып, бәсекелестікті күшейтуде.
Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында өскелең ұрпақты патриотизмге және заманауи әлемде бәсекеге қабілеттілікке баулуға шақырады. «Жастар» Сарайы балалардың бойына өздерінің салт-дәстүрлері мен ырым-жоралғыларына деген сүйіспеншіліктерін, Отанға құрмет көрсету сезімдерін дамытады.
30 қазан күні сағат 10:00-де қатысушыларды тіркеу және 1 іріктеу кезеңі өтеді. 31 қазан күні осы уақытта 2 тур өтеді. Фестивальдің салтанатты түрде жабылу рәсімі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі көрермендерді 1 қараша күні сағат 15.00-де күтеді.
Жас дарындарға сәттілік пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!