16, 17, 18 қазан күні сағат 10:00 және 14:00-де «Жастар» Сарайында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде балаларға арналған музыкалық – театрландырылған қойылым өтеді.

«Жастар» Сарайының бас режиссері мен барлық шығармашылық ұжымдарының педагогтарының басшылығымен фантастикалық оқиға әзірленуде. Ондаған кішкентай дарындылар мен талантты ересек адамдар «Тәтті ертегіге» көрермендерді баурап әкетеді. Көздің жауын аларлықтай ашық-жарқын бет-бейне, әсем костюмдер, музыкалық өнер көрсетілімдері – бұл тек ауқымды қойылымның шағын бір бөлігі ғана. Жас әртістер көрермендерге актерлік шеберліктерін көрсетіп, таңғажайып сиқырлық әлемін сыйға тартады. Балалар мен олардың ата-аналарын тамаша көңіл-күй мен көңілді эмоция күтуде.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздеріне сүйенетін болсақ, білім – «… болашақта жетістікке жетудің нағыз мызғымас факторы». Сондай-ақ елбасымыз «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында «…үш тілділік бағдарламасы, және мәдени және конфессиялық келісім бағдарламасы – бұл XXI ғасырдағы өмірге ұлттың (барша қазақстандықтар) дайындығының бір бөлігі». Ал рухани ағару – бұл өзін-өзі дамыту. Мәдени құндылықтарды бойға сіңіру ұсақ-түйектен қордаланып жинақталады. «Жастар» Сарайы өзінің назарын нақты алғанда өскелең ұрпаққа бағыттайды. Театр өнері – заманауи қоғамдағы кез-келген білімді адамның қажетті құрамдас бөлшегі.

16,17,18 қазан күндері «Жастар» Сарайы қонақтарды балаларға арналған музыкалық-театрландырылған қойылымда күтеді! Мерекеге келіп, өзіңізге және балаларыңызға тамаша тарту жасаңыз!!!