9 қыркүйек күні «Жастар» Сарайының жазғы сахнасында дәстүр бойынша Конституция күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ашық есік күні» өтеді.

«Жастар» Сарайы кең ауқымда жаңа маусымын ашуда. Шығармашылық ұжымның қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантары сөзсіз:
«Ровесник» эстрадалық биінің халық ансамблі (Жетекшісі Скнарина Татьяна)
«Воскресенье» би — спорт клубы (Жетекшісі Савченко Людмила)
«AstCityBallet» заманауи балет мектебі (Жетекшісі Адыл Эркинбаев)
«Радуга» заманауи және эстрадалық би студиясы (Жетекшісі Маслиенко Наталья)
«М – Арт» театрлық студиясы (Жетекшісі Грабовская Светлана)
«Jas — Art» эстрадалық вокал театры (Жетекшісі Алданова Гүлмира)
Бейнелеу өнерінің шеберхана-студиясы (Жетекшісі Табашникова Татьяна)

Көптеген жылдар бойына педагогтар мен тәлімгерлер жас дарынды өнерпаздарды тауып, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашады. Жеке дара бағыт-бағдар беру және кәсібилілік әрбір ниет білдірген адамға өзін танытуға мүмкіндік береді. Жас дарын иелері Сарайымыз бен қаламызда өтетін спектакльдердің қойылымдарына, шоу бағдарламаларына және шығармашылық іс-шараларына қатысып отырады.
«Жастар» Сарайының шығармашылық ұжымының даму мақсаты – өскелең ұрпаққа мәдени құндылықтарды, рухани даму мен эстетикалық тәлім-тәрбиеге баулу, өзін-өзі жетілдіруге қалау білдіруге, патриоттық сезімдерін баулу және салт-дәстүрлерді сақтай білуге баулу.
9 қыркүйек күні «Жастар» Сарайының жазғы сахнасында көрермендер ұжымның үздік өнерлерін көреді. Шығармашылық ұжымдарға қабылдау сол жерде жүзеге асырылады және ата-аналарда өздерінің балаларын жаздыртуға уақыттары болады.