«Жастар» Сарайында елордамыздың 20 жылдығына арналған «Менің сүйікті Астанам!» фотобайқауы өтеді.

Байқауға барлық ниет білдіруші фотоәуесқойлар қатыса алады. Ұсынылған үш тақырыптың біреуін таңдай отырып, сапалы түсірілім жасау қажет. Фотошоп пен фотосуреттерді өңдеудің өзге де тәсілдерін қолданбауы тиіс.

Фотосуреттер фотобайқау талаптары мен шарттарына сәйкес келуі тиіс. Әйтпесе, жұмыстар қабылданбайды және бағаланбайтын болады.

Қатысушылар үшін басты міндет — ақшалай жүлдені ұтып алу және 1,2,3 дәрежелі дипломдарды жеңіп алу мүмкіндігімен қатар оларда елордамыздың көркейе түскендігін дәріптеу міндеті де тұр. Мәдени мұраны сақтау және қолдану бойынша қазіргі замандағы мәселелердің маңыздылығын ашу және туған қаламызға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуде үлес қосу.
Біздің елбасымыз өзінің баяндамасында «Ұлттық-мәдени мұраның түп тамырында демеусіз жаңғыру ауа қармап қалады» деген болатын, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында «кез-келген қазақстандық азамат, жалпы алғанда барлық ұлт XXI ғасырға лайықты бірқатар қасиеттерге ие болуы қажет» деп атап өткен еді. Сөзсіз алғышарттардың бірі ретінде компьютерлік сауаттылық секілді факторлар орын алады… Сондықтан да «Сандық Қазақстан» бағдарламасы мен үш тілділік бағдарламасы, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламасы – бұл XXI ғасырдағы өмірге ұлттың дайындығының бөлігі». «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, «Жастар» Сарайы жыл сайын «Сандық дағдыларды» баули отырып және өз кезегінде сананың жаңғыруына септігін тигізетін «адал бәсекелестікті» тудыра отырып, фотобайқау өткізеді.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 15 маусымға дейін қабылданады. «Менің сүйікті Астанам!» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі 2018 жылдың 1 шілдесі күні сағат 15.00-де «Жастар» Сарайының екінші қабат фойесінде өтеді. Келуге ниет білдірушілер 15 шілдесіне дейін фотосурет өнерін тамашалауларына болады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 6 шілде күні, елордамыздың 20 жылдығын мерелейтін күндері болады. Байқау жеңімпаздарының фотосуреттері қаламыздың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Қатысушыларға сәттілік пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!