КАРАОКЕ БОЙЫНША «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ АҚТЫҚ МӘРЕСІ

5 шілде күні «Жастар» Сарайының жазғы алаңында Чемпионаттың үшінші кезеңі мен жартылай ақтық мәресі өтеді, оның нәтижелері бойынша неғұрлым аз балл жинаған қатысушы байқаудан шығып кетеді.

Бұл кезеңде әншілер мультфильмдерде айтылатын әндерді дуэтпен орындайтын болады. Ал жартылай ақтық мәреде талап күшейтілетін болады – олардың әрбірінің жұлдызға айналуына тура келеді.

Үшінші кезеңге қарай мен қазірден орасан зор ілгерілеу, өрлеу болып жатқандығын зор қуанышпен байқап отырмын. Мен вокалдан сабақ беретін оқытушылардың жұмыстарын атап өткім келіп отыр, өйткені көптеген байқауға қатысушылар екінші кезеңде өздерінің мүмкіндіктерін көрсете білді. Және сабақтардан өткендігі қазірден көрініп тұр. Осыған байланысты мен барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт тілегім келіп отыр, берілмесін дегім келеді. Мен қатысушылардың 90%-да жеңіп шығуға барлық мүмкіндіктері бар деп ойлаймын, — деп атап өтті Чемпионаттың музыкалық редакторы Рустам АМИРОВ.

Чемпионаттың көптен күткен ақтық мәресі келесі күні – 2017 жылдың 6 шілдесінде өтеді. Оған 15 мықты қатысушы қатысатын болады. Командалардың ішінен бас жүлде – Астана әкімінің Кубогы үшін жарысатын Чемпионды іріктеп алады.

Көптеген жағымды тосынсыйлар жеткілікті деңгейде болады, ол жайында мен қазір үндемей отырмын. Бәлкім, суперфинал ауқымы өзгеретін шығар. Бізде қазірден қандай да бір ой-пікір бар. Мен бұл күтпеген жерден және қызықты болады деп ойлаймын. Жарысты түрлендіргіміз келеді, қандай да бір тың дүниелерді енгізгіміз келеді, бір жыл бір жылға ұқсамайтындай еткіміз келеді, — деп атап өтті «Жастар» Сарайының Директоры Сергей Солодовников.

Жұлдызды қонақтар мен Қазақстанның танымал орындаушылары байқауға қатысушыларды қолдауға келеді. Ұйымдастырушылар қызықты, керемет және естен кетпестей болатындығына уәде беруде.