«Талды арулар» жеке концерті

13 шілде күні «Жастар» сарайында «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран при иегері (2016 жыл) «Алтынай» МХБ ансамблінің » Талды арулар» жеке концерттік бағдарламасы өтеді. Бүгінгі күні 30 жылдық тарихы бар қазақ ұлттық өнерінен өз орнын алған, алыс — жақын шет елдерге танымал ансамбль еліміздің би өнерін насихаттап жүр. Қазақ халық биінің дамуына үлкен үлес қосып жатқан бұл ансамбль — өзіндік көркем сипатымен, өз шығармашылығымен Қазақстан хореография саласын жаңа белеске көтерген өнер ұжымы. Жаңа ізденістер арқылы халық шығармашылығы қазынасының сарқылмас бұлағы-ежелгі ойын түрлерін, салт-дəстүрін игеруге жəне оны болашақ ұрпаққа жеткізудегі ансамбльдің орны ерекше.

«Жетісу -əн, жыр ордасы» концерті

12 шілде күнгі «Жетісу -əн, жыр ордасы» атты концерт «Жастар» сарайында өтеді. Бұл өнер мерекесі барысында ҚР еңбек сіңірген əртісі Ұлжан Айнақұлова, ҚР Мəдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов, Халықаралық байқпулардың лауреаттары С.Есенгелдинова, Т.Серіков, А.Искаков, Б.Мұсаев сынды əншілер «Сазген», «Адырна» «Талдықорған əуендері» ФЭ ансамбілдерінің сүйемелдеуімен халық əндерімен термелерін тындармандардың назарына ұсынса, «Алтынай» МХБ ансамблінің бишілері «Той думан», «Мереке» сияқты билерін нақышна келтіре орындайды.

КАРАОКЕ БОЙЫНША «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ АҚТЫҚ МӘРЕСІ

5 шілде күні «Жастар» Сарайының жазғы алаңында Чемпионаттың үшінші кезеңі мен жартылай ақтық мәресі өтеді, оның нәтижелері бойынша неғұрлым аз балл жинаған қатысушы байқаудан шығып кетеді.

Бұл кезеңде әншілер мультфильмдерде айтылатын әндерді дуэтпен орындайтын болады. Ал жартылай ақтық мәреде талап күшейтілетін болады – олардың әрбірінің жұлдызға айналуына тура келеді.

(more…)