КАРАОКЕ БОЙЫНША «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БОЛЫП ӨТТІ

2017 жылдың 24 маусымында «Жастар» Сарайында караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» Чемпионатының екінші кезеңі болып өтті. Музыкалық жоба ұйымдастырушысы – Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен «Жастар» Сарайы.

Екінші іріктеу кезеңіне 70 орындаушы өтті. Қатысушылар кеңес одағындағы, шет елдік, отандық кинофильмдерде айтылатын әндерді орындады.

Ашылу рәсімі әдеттегідей тамаша өтті. Командалар өзінің тапқырлығымен көрермендерді таң қалдыруын тоқтатқан емес. Бұл жолы тәлімгерлер бір сахнада өз қамқорлығындағы қатысушылармен бірге тұрды. Василий Соловарь өзінің командасымен нағыз өнер көрсетілімін қойды: сахнаны бәрі жанды әуенге демалып отырған қолайлы барға айналдырып, барынша түрлендірген. Айман Алимханова-Турибаеваның командасы «Қазақ елі» патриоттық әнін шырқады. Ал Бақытжан Масалимовтың «Angels` voices» командасы әдеттегідей Маржан Арапбаеваның әнінен және «Quest Pistols» тобының әнінен аралас ән дайындап, сахнаны жандандыра білді.

Дауыстары адам қызығарлықтай қатысушылар келді, өте күшті кастинг болды. Бәлкім, өткен жылғы байқау нәтижелері бойынша адамдар бәрінің қалай өткендігін көрген. Сондықтан да бұл байқаудан барынша жарқын талант иелерін күтудеміз, — деп атап өтті жоба жетекшісі, «Жастар» Сарайының директоры Сергей Солодовников.

Байқауға қатысушылардың туған-туыстары мен жақындары әншілерді қолдауға келіпті, естелік ретінде фотосуреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленуге келген. Үнді әнін орындаған «Круче всех» командасының қатысушысы Ардақ Андызбаеваны Үндістаннан келген досы Садит Кумар қолдауға келген екен.

Мен көптеген әндердің тілдерін түсінбеймін, дегенмен сөзін ұғыну ең басты қағида деп ойламаймын – мен музыкадан, әуеннің өзінен және залдағы көпшілік көңілінен ләззат алдым. Ардақта әрине, акцент болды, — ол хиндиді білмейді емес пе, бірақ ол тамаша орындап шықты.Маған сонымен қатар «Джанго» фильмінде айтылатын «Freedom» әнін орындаған қыз ұнады. Қатысушылардың дауыстары маған өте қатты ұнады. Мен ақтық мәреге келе алмайтындығыма қынжыламын, өйткені мен кеткелі жатырмын, — дейді Садит Кумар.

Екінші кезең репертуары жағынан өте әр алуан болды. Әділқазылар алқасы әрбір қатысушының мүмкіндігін танып білгеннен кейін одан зор мүмкіндіктерді күте отырып, қатысушыларға қатаң пікір айта бастады. Сондықтан да аңсаған ондықтарға қол жеткізу оңай болған жоқ. Алғаш болып бұл абыройға ие болған — Талғат Айбосынов. Бірақ шындығына келгенде қазақ тілінде ән салған Асель Тулюбаева 40 балл алғанда барша зал ду қол шапалақ астында қалды. Саят Ерсаинов Say Something әнін жүректен-жүрекке өте жеткізіп орындады – жігіт залдағы көптеген қыздардың сезімдерін тебірентуге итермеледі. Арай Онесьянова шырқаған әнін таза орындап шықты — «Город 312» тобының хиті – «Останусь» қызды аңсаған ондығына қол жеткізді.

Екінші кезең қорытындылары бойынша Жансулу Бозанова, Жамал Жиентаева, Зинаида Крикунова, Жансая Алиманова, Дархан Кушербаев, Дмитрий Вишневский, Кайрат Жаксыгельдинов, Асель Тулюбаева, Айгерим Токшаева, Зауре Калдыбаева, Серик Муканов, Айнур Гафурова, Шакизада Карапиден и Мадина Жакиева көш бастап келеді.

Енді қатысушыларды «Жастар» Сарайының жазғы алаңында 5 шілде күні өтетін Чемпионаттың жартылай ақтық мәресінде өнер көрсету міндеті күтіп тұр.