АСТАНА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН КАРАОКЕ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

2017 жылдың 10 маусымында «Жастар» Сарайында Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін «Бәрі де ән шырқайды!» Чемпионатының Бірінші кезеңі болып өтті.

Қатысушылар сүйікті адамдарымен бірге өнер көрсетті, бәріне таныс ретро-әндерді шырқады. Сонымен зал барлық композициялардың ырғағына қарай әндетіп, би биледі. Бірақ бір тамаша концертке вокалдан және хореографиядан сабақ беретін оқытушылармен үш аптаға созылған сабақтар түрткі болды.

Көптен күткен уақиғаны жоба жетекшісі, «Жастар» Сарайының директоры Сергей Солодовников құттықтау сөзімен ашып берді:

— Мен байқауға қатысушыларды қолдау үшін жанкүйерлердің келгеніне өте қуаныштымын. Құрметті қонақтар, біз байқауды барынша қызықты етуге, біріншіден, қатысушылар үшін қызықты етуге тырысқандығымызды айта кеткім келеді. Оларды көптеген тосынсыйлар мен тапсырмалар күтіп тұр. Біздің қандай тосынсыйлар жасайтындығымызды сіздер Елорда күні «Жастар» Сарайының жазғы алаңында көре аласыздар. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Дайындық кездерінде естігенімдей, бүгін жоғары балл үшін айтарлықтай шынайы бәсеке болғалы тұрған секілді. Сіздердің дауыстарыңыз қоңырау сылдырындай сыңғырласын, жүректеріңіз ән деп жалындасын!

Чемпионаттың ашылуы шын мәнінде аса ауқымды деңгейде болды. Байқауға қатысушылар халықты тамаша өнерлерімен «баурап алды» — білікті би қозғалыстары мен эмоцияға беріле әндетуі концертті естен кетпестей етті. Айман Алимханова-Туребаеваның «Круче всех!» командасы алғаш сахнаға шыққан еді және олар залды ұжымның ұйымшылдығымен және іс-әрекеттерінің жүйелілігімен тәнті етті. Әр түрлі жастағы қатысушылар жалындап тасып тұрған күш-қуатпен билегенде көрермендер бидің ортасында-ақ ду қол шапалақтай бастады. Келесі өнерт көрсеткен өнерпаздар – Бахытжан Масалимовтың «Angels voices» командасы. Олар түрлі хиттерден поппури көрсетті, олардың ішінде Hit the road Jack и Uptown funk сынды танымал әндер болды. Василий Соловарьдің «W» командасы сол мезетте-ақ залды өздерінің «бірегейлігімен» — «Нас не догонят» әнімен «Матрица» стиліндегі баяу қозғалыстарымен көпшілік жүрегін жаулап алды.

Бастауы қандай болмасын, Чемпионат – бұның барлығы бас жүлдені – Астана қаласы әкімінің Кубогын жеңіп алу құқығы үшін күрес. Сондықтан да әділқазылар алқасы бәрін – кәсіби әншілерді де, ән әуесқойларын да қатаң таразылады. Алғашқы ондық сахнаға тұтастай театрландырылған қойылыммен шыққан Ерлан Ахановқа бұйырды: ол құмарпаз балықшы стилінде Unchained melody композициясын орындады. Алибек Ильясовтың көрсеткен өнері өте жарқын көріністе болды – олар Кайрат Жаксыгельдиновпен бірге Tutti frutti әнін орындады, ал барлық ондықтар соңғы болып алды. Дегенмен бәрінен бұрын ҚазҰӨУ колледжінің студенті Наргиз Кудренованың өнері есте қалды: қыз Уитни Хьюстонның I will always love you хитін тамаша орындап шықты.

Караоке бойынша өткен Чемпионаттың бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша Ерлан Аханов, Алибек Ильясов, Асель Тулибаева, Наргиз Кудренова, Акния Женис, Жамал Жиентаева, Кайрат Жаксыгельдинов, Саят Ерсаинов, Аскар Жусупов, Айнур Гафурова, Шакизада Карапиден, Айгерим Токшаева, Айгерим Муашева, Зинаида Крикунова, Мадина Мальсагова және Нургуль Утинова көш бастап келеді.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар қатысушыларды «байқаудан шығарып тастамауға» шешім қабылдап отыр, оларға тағы да екі келесі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Ақтық мәреге неғұрлым көп балл жинаған қатысушылар өтетін болады.