«Талды арулар» жеке концерті

13 шілде күні «Жастар» сарайында «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран при иегері (2016 жыл) «Алтынай» МХБ ансамблінің » Талды арулар» жеке концерттік бағдарламасы өтеді. Бүгінгі күні 30 жылдық тарихы бар қазақ ұлттық өнерінен өз орнын алған, алыс — жақын шет елдерге танымал ансамбль еліміздің би өнерін насихаттап жүр. Қазақ халық биінің дамуына үлкен үлес қосып жатқан бұл ансамбль — өзіндік көркем сипатымен, өз шығармашылығымен Қазақстан хореография саласын жаңа белеске көтерген өнер ұжымы. Жаңа ізденістер арқылы халық шығармашылығы қазынасының сарқылмас бұлағы-ежелгі ойын түрлерін, салт-дəстүрін игеруге жəне оны болашақ ұрпаққа жеткізудегі ансамбльдің орны ерекше.